Қарусыздану қағидасын жүзеге асырудағы «жаһандық нөл» концепциясының құқық қолданудың қазіргі мәселелері

Бұл ғылыми мақалада қарусыздану қағидасын жүзеге асырудағы «Жаһандық нөл» концепциясының құқық қолданудағы қазіргі мәселелері талданады. Зерттеудің мақсаты – ядролық қарудан толық бас тартуға бағытталған «Жаһандық нөл» концепциясын жүзеге асырудағы құқықтық кедергілерді анықтау және оларды шешу жол...

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: А. Болат, Ш.А. Саймова
Format: Article
Language:deu
Published: Al-Farabi Kazakh National University 2024-12-01
Series:Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì
Online Access:https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/1498
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Бұл ғылыми мақалада қарусыздану қағидасын жүзеге асырудағы «Жаһандық нөл» концепциясының құқық қолданудағы қазіргі мәселелері талданады. Зерттеудің мақсаты – ядролық қарудан толық бас тартуға бағытталған «Жаһандық нөл» концепциясын жүзеге асырудағы құқықтық кедергілерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну. Зерттеу барысында халықаралық құқықтағы қарусыздану қағидаларының теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Негізгі идея – ядролық қарудан азат әлем құру үшін халықаралық құқықтық жүйені жетілдіру қажеттілігі. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы қарусыздану процесін жеделдетуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеумен байланысты. Зерттеуде талдау, салыстырмалы құқықтық әдіс, тарихи және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Негізгі нәтижелер ретінде халықаралық құқықтық нормалардың толық орындалмауы, ядролық державалардың ұстанымы, тексеру механизмдерінің жеткіліксіздігі және саяси еріктің жетіспеушілігі сияқты мәселелер анықталды. Зерттеу қорытындылары қарусыздану саласындағы құқық қолданудың жетілдірілуіне үлес қосады. Жұмыстың нәтижелері халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қарусыздану саясатын қалыптастыруда практикалық маңызға ие. Практикалық мәні – ұсынылған шараларды іске асыру арқылы ядролық қарудан азат әлем құруға ықпал ету. Кілт сөздер: Жаһандық нөл, қарусыздану, құқыққолдану, концепция, халықаралық қауіпсіздік, ядролық шеттету, қаруды жою, халықаралық қатынастар.
ISSN:1563-0285
2618-1215